Қазақстанда 70 мың отбасы құрылып, 23 мыңы ажырасып кеткен - Статитика агенттігі

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында АХАТ органдары тіркеген некелер саны былтырғымен салыстырғанда 8,9%-ға өсіп, 70,5 мыңға жеткен.

Қазақстанда 70 мың отбасы құрылып, 23 мыңы ажырасып кеткен - Статитика агенттігі

Бұл көрсеткіш былтыр осы мерзімде  64,7 мың болған еді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді.

Оның айтуынша, некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 8,4 адамды құрады. Сондай-ақ, ажырасулар саны да 8,9%-ға өсіп, 23,2 мыңды құрады. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2,8 адамнан келіп отыр.