Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда 75,7 млрд теңгенің заңсыз иемденілген жылжымайтын мүлкі мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 2023 жылдың қыркүйегінен бері мемлекетке жалпы құны 1,154 трлн теңге болатын заңсыз иемденілген активтер қайтарылды. Оның 75,7 млрд теңгесі – жылжымайтын мүлік.

Обновлен список алматинских ЖК, нерекомендуемых для покупки недвижимости
Фото: Алматы әкімдігі

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Активтерді қайтару комитеті мемлекет меншігіне жалпы сомасы 1,154 трлн теңгенің активтерін қайтарған.

Атап айтқанда:

· ақшалай қаражат – 1,044 трлн теңге;

· жылжымайтын мүлік – 75,7 млрд теңге;

· компаниялардағы үлестер – 12,1 млрд теңге;

· жер телімдері – 19,2 млрд теңге;

· өзге активтер – 2,9 млрд теңге.

Жылдар бойынша қайтарылған активтердің көлемі:

· 2024 жылы – 302,5 млрд теңге;

· 2025 жылы – 773,7 млрд теңге;

· 2026 жылы – 77,7 млрд теңге.

Заңсыз иемденілген активтер есебінен осы уақытқа дейін қандай нысандар салынды және қайтарылған қаражаттың қайда жұмсалатынын кім шешеді? Бұл туралы Kazinform тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.

Бұған дейін Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 орындық жаңа мектеп салынатыны хабарланған еді.

Сондай-ақ Щучинск пен Бурабайдың сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңге бөлінеді.