Қазақстанда 784 116 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 04 сәуірдегі мәліметтер бойынша «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 955 726 адам салдырды.

Қазақстанда 784 116 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Pfizer» вакцинасының ІІ-ші дозасын 823 642 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 784 116 жасөспірім, 35 986 жүкті әйел, 127 990 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 686 357 жасөспірім, 30 168 жүкті әйел, 106 418 бала емізетін әйел салдырды.