10:50, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда 8 976 адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы кезде коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, ем алып жатқанардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 548 науқас жатыр, 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.