Қазақстанда 8 ақпанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 8 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Парламент Сенатында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы сауда саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты өткізіледі.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның азаматтық альянсымен бірігіп, қоғамдық кеңестердің ІІ республикалық мәжілісін өткізеді.

Сағат 10.00-де 2018 жылғы құқық қорғау саласындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі басталады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткізіледі.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық бюросында брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қайырбек Рамазановтың қорынан жеке коллекциялардың «Марапаттар мен төсбелгілердегі тарих» атты көрме өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Ғылыми-техникалық құжаттамалардың мемлекеттік орталық архивінің 45 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының кезектен тыс XXIIІ конференциясы басталады.

Сағат 15.00де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақ тілі мен хинди тілінің мерекесі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 12:00-де Шымкент қалалық онкологиялық орталығында онкологтардың қатысуымен баспасөз брифингі өтеді. Брифингте дәрігерлер қатерлі ісік аурының алдын алу және ракқа шалдыққандарға көрсетілетін тегін медициналық көмек турасында айтып береді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 10.00-де Қызылорда қаласында Көші-қон қызметтері орталығының ашылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар