Қазақстанда 8 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 8 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар туралы шолуды ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 11:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапатттау салтанаты өткізіледі.

Сағат 12:00-де Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылына орай Астана қаласының Орталық әмбебап дүкеннің алдындағы алаңда ұлттық және өзбек тағамдарының гастрономиялық көрмесі ұйымдастырылады.

Сағат 17:00-де Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы Азияның командалық біріншілігінің ақтық кезеңі басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де «ARTиШОК» театрының аумағында «Almaty urban forum» шарасы басталады. Шара барысында Алматы қаласында соңғы үш жылда жүзеге асырылған жобалар мен бастамалардың тәжірибелері талданатын болады.

Сағат 10:00-де «Астана» алаңында жылдағы дәстүр бойынша «KITAP FEST» кітап көрмесі ұйымдастырылады. Оған 6 мыңға тарта алматылық қатысады деп күтілуде.

Сағат 10:00-де ҚБТУ алдындағы саябақта «Дәмді Алматы» атты отбасылық тағамдар фестивалі өткізіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА

9.00-де «Локомотив» стадионында Сыр футболының түлегі, ҚР Құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан республикалық турнир басталады.

Соңғы жаңалықтар