Қазақстанда 8 мыңнан астам шаршы метрдің несиелік тұрғын үйлері іске қосылды

«2012 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы ауданы 8,9 мың шаршы метрдің тұрғын үйлері, жалпы ауданы 6,3 мың шаршы метрдің пәтерлері іске қосылды», делінген ведомство хабарламасында.
Бұл үйлер Павлодар облысында пайдалануға беріліп отыр. Ағымдағы жылы Павлодар облысында барлығы 30 мың шаршы метрдің несиелік тұрғын үйлерін іске қосу жоспарланған.
Оған қоса, ағымдағы жылы 150 мыңға жуық шаршы метрдің несиелік баспаналары Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында пайдалануға беріледі.
Атап айтқанда, Алматыда - 50,9 мың шаршы метрдің, Ақтөбе облысында - 38,3 мың шаршы метрдің, Қарағанды облысында - 30,2 мың, Астанада- 29,9 мың шаршы метрдің несиелік тұрғын үйлерін іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ Ақмола облысында - 5,5 мың, Алматы облысында - 7,4 мың, Атырау облысында - 12 мың, Жамбыл облысында - 4,9 мың, Батыс Қазақстанда - 23 мың, Қостанай облысында - 12 мың, Қызылорда облысында - 6,8 мың, Маңғыстау облысында - 24 мың, Солтүстік Қазақстан облысында - 17,8 мың және Шығыс Қазақстан облысында - 20,3 мың шаршы метрдің тұрғын үйлері пайдалануға беріледі.
Республикада тұрғын үй құрылыс жинағы жүйелерін жетілдіру жөніндегі белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кету керек. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында 3552 заемшыға 12,4 млрд. теңге соманың тұрғын, аралық және алдын-ала тұрғын үй займдары берілген, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламаның аясында - 1302 заемшыға жалпы сомасы 4,2 млрд. астам теңгенің несиесі берілді.
Жалпы алғанда, ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірінде 313 мың шаршы метрдің несиелік тұрғын үйлерін іске қосу жоспарлануда.