Қазақстанда 800-ден астам ЖКО-да қоғамдық көліктер байқалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдың 9 айында еліміздің жолдарында 13 078 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, оның салдарынан 18 691адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті баспасөз қызметі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жолдағы апаттардың 90 пайыздан астам (11 797) жағдайында ЖКО-лар жүргізушілер кінәсінен болып жатады, оның ішінде 452-сі  алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.

ЖКО-лар салдарынан 1715 адам көз жұмды, оның ішінде 171-і кәмелетке толмағандар.

Ағымдағы жылы 844 жол-көлік оқиғасында қоғамдық және жолаушылар көлігі байқалған. Осы апаттардан 57 адам қаза болып, 1 135-і жарақат алды. Олардың көпшілігі (306 ЖКО) автобус жүргізушілері кінәсінен орын алған көрінеді. Бұл тұрғыда жүргізушілердің үшеуі ЖКО кезінде көлікті алкогольдік масайған күйінде басқарған. 

Соңғы жаңалықтар