Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарланды.

Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.