Қазақстанда 869 196 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 542 843 адам, 2 - ші компонентін 9 324 915 адам салдырды, ддеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 869 196 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылғы 21 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 785 адам, ІІ-ші дозасын 1 175 838 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентімен 869 196 жасөспірім, 41 278 жүкті әйел, 145 087 бала емізетін әйелдер.

ІІ-ші компонентімен 849 116 жасөспірім, 38 931 жүкті әйел, 140 154 бала емізетін әйел салдырды.