Қазақстанда 88 су айдынының тек 13-і ғана таза - Н.Қаппаров

«Коммуналдық инфрақұрылымдардың басым бөлігінің техникалық жай-күйінің қанағаттанарлықсыздығы техникалық және ауыз су сапасына теріс әсер етеді. 2012 жылы ластану көрсеткіші бойынша жіктелген 88 су айдының тек 13-і ғана «таза» деп танылды»,- деді ол.
Бұл орайда министрдің сөзіне қарағанда, бағдарламада бүкіл республика аумағындағы су айдындарын тазалау және жақсарту бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған.
«Толықтай алғанда ауыз су сапасының стандарттары Еуропалық стандарттарға сай келеді. Дегенмен бірқатар параметрлерді түзету қажет. Ағынды сулар сапасы стандарты ескірген, қолдануға қиын. Еуропалық стандарттарға қарама-қайшы әрі қиындау. Ауыз судың шынайы сапасына және ағын сулар сапасының қабылданған нормаларға сәйкестігіне қатысты ашықтық жоқ», - деді Н.Қаппаров.