Қазақстанда 9 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
None
None

Инфекция жұқтырғандар үш өңірде тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда - 3, Қарағанды облысында – 3.

Сонымен, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 769 жетті.

Сондай-ақ, 141 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 45 пациент стационарда, 96 науқас амбулаториялық деңгейде, ал 8 адамның жағдайы ауыр.

Өткен тәулікте 1 науқас – Қарағанды облысының тұрғыны жазылып шықты. Айта кетсек, елімізде барлығы 1 292 020 адам COVID-19-дан емделді.

Соңғы жаңалықтар