Қазақстанда 9 ақпанда өтетін маңызды оқиғалара шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 9 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 09.00-де «Кеден» спорт кешенінде «Отандастар» қоры мен Бүкіләлемдік қауымдастық мини-футболдан дәстүрлі қалалық турнирін өткізеді.
Сағат 10.00-де ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жеке сектордағы үйлердің өрт қауіпсіздігін тексеру үшін рейд шараларды өткізеді.
Сағат 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен кездеседі.
АЛМАТЫ
Сағат 09.00-де Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай тілшілерге ашық есік күні өткізіледі.
Сағат 11.00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Ашық зертхана» шарасы өткізіледі. Шара аясында 12 жастан асқан кез келген азамат өзінің әртүрлі саладағы білімін, химия, биология, математика, физика, астрономия және география пәндері бойынша біліктілігін тексере алады.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 10.00-де Қызылордадағы «Мұз сарайы» спорт кешенінде 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир басталады.