Қазақстанда 9 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша алқа отырысын өткізеді.

Сағат 10.00-де «Сарыарқа» велотрегінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты қарсаңында халықаралық жаттығу лагеріне арналған баспасөз туры өтеді.

Сағат 11.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында жолаушылар тасымалы және авиабилеттерге баға белгілеу мәселелері бойынша брифинг басталады.

Сағат 12.00-де СІМ ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен бірлесіп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізеді.

Сағат 15.00 – де ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланады.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде шахматтан сеньорлар арасында Азия чемпионаты басталады.

Сағат 16.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында І халықаралық опера-симфониялық дирижерлар конкурсын өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.



Соңғы жаңалықтар