Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр. Өткен тәулікте инфекцияны 12 адам жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
17 қазандағы мәлімет бойынша, 959 адам коронавирус инфекциясынан (–829+ және 130 КВИ-) ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, 852 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.