Қазақстанда 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді

су тасқыны
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты хабарлады. 

Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған. 

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар.

8,9 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 

2983 тұрғын үй мен 1 868 аула аумағынан су бұрылды.

Мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

 

Соңғы жаңалықтар