А гепатитімен ауыратындар саны көбейіп келеді

Hepatitis A on the rise in Kazakhstan
Photo credit: Alexander Pavskiy/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

А вирустық гепатитінің берілу жолдары 

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А вирустық гепатиті ауруының белгілері

Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялау Авирустық гепатитінен қорғайды

Вакцинациялауға жатады:

- екі жастағы балалар;

- инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

Гепатит инфекциясынанқалай сақтануға болады

Соңғы жаңалықтар