Қазақстанда А (Н1N1) тұмауының таралуын болдырмау жөніндегі алдын алу шаралары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. Шілденің 23-*і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі және Денсаулық сақтау министрлігі А/Н1N1 тұмауының елімізде таралмауы үшін барлық шараларды алуда. Тұмаудың осы түрі байқалған елден келген Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтарға қатаң бақылау орнатылды, медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсетуге әзір, елде қоздырғышқа қарсы препараттардың барлық қажетті қоры бар.

Қазақстанда А (Н1N1) тұмауының таралуын болдырмау жөніндегі алдын алу шаралары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда қауіпті тұмаудың оқиғалары пайда болуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың тұмаудан сақтанудың жеке және қоғамдық алдын алу шараларын еске салады. Әрбір адам бетпердені бір рет қолданып, оны дымқылдап, үш сағат сайын ауыстырып отыру қажет екенін білуі тиіс. Бетпердені мойынға оралған күйінде қалдырмау қажет. Пайдаланылған бетпердені қолмен ұстағаннан кейін (қол тиіп кетсе, лақтырғанда) қолды сабындап жуу қажет.

Қолдың тазалығын сақтауды есте ұстау қажет. Қолды жуғанда қарапайым, микробқа қарсы сабындарды немесе зарарсыздандыратын спирт негізіндегі арнайы жуғыш құралдарды (бүріккіш, гель) жұмсартатын және суды пайдалануды қажет етпейтін құралдарды, біржолғы пайдаланылатын сулықтарды пайдалану қажет.

Тұмаудың осы түрімен ауруына күдікті адамдар пайдаланған жұмысқа қажетті ыдыстар мен приборларды пайдаланғанда қауіпсіздіктің стандартты шараларын: көп  пайдаланылатын ыдыстарды,  ас-үй жабдықтарын және басқаларын алдын ала зарарсыздандыруды,  қолғаппен ұстауды есте сақтау қажет.

Өз денсаулығыңызға, туыстарыңыздың және жақындарыңыздың денсаулығына абайболыңыздар - А/Н1N1 тұмауының белгілері болса, дереу дәрігерге көрініңіз.