17:31, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Қазақстанда адамның бет-әлпетін бүркемелейтін киімге тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет ажарын бүркемелейтін киіммен жүруге тайымсалатын заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл қарашада Парламет қарауына заң жобасын енгізіп, оны депутаттардың қолдауымен желтоқсанда қабылдау жоспарлап отыр. Құжат жобасында қоғамдық орындарда адамның бет ажарын бүркемелейтін немесе адамның түрін анықтауға кедергі келтіретін киіммен жүруге тыйым салатын норма ескерілген»,-деді министр сұрақтарға жауап беру барысында.
Оның сөзіне қарағанда, заңнамаға толықтырулар мен өзгертеулердің идеологиялық негізін 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы құрады. Бұл бағытта сарапшылар мен ғалымдардың үлкен тобы бірнеше ай бойы жұмыс істеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, баспасөз мәслихатында министр 2018 жылы мектеп бағдарламасына дін тақырыбындағы жаңа оқулық енгізілетінін мәлім етті.