Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шикі мұнай өндіру 0,3 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда 17,015 млн. тонна шикі мұнай мен 3,322 млн. тонна газ конденсаты өндірілді.

Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шикі мұнай өндіру 0,3 пайызға артты

Бұл көрсеткіш 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 0,3 және 4,3 пайызға жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Комитет мәліметтеріне қарағанда, табиғи газ өндіру 5,700 текшеметрді құрап, өсім 4,9 пайызды құраған. Ал мұнайдың ілеспе газын өндіру есепті кеезңде 6,114 текше метрге жетті, бұл былтырға қарағанда 13,8 пайызға артық.

«Қазақстанда қаңтар-наурыз аралығында авиациялықты қоса алғанда 653,2 мың тонна бензин өндірілді. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға төмен. Ал дизельдік отынды өндіру 0,3 пайызға төмендеп, 1 млн. 99 мың тоннаны құраса, мазут өндіру көрсеткіші 738,2 мың тоннаға азайған», - делінген баспасөз баянында.