Қазақстанда АИТВ-ның өсу қарқыны 3 есе төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) өсу қарқыны 3 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін Астана қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Республикалық ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығының мәліметінше, соңғы 5 жылда АИТВ-ның өсу қарқыны елімізде үш есеге төмендеді. Соңғы 10 жыл ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өлім-жітімі 2,6 есеге, ал анадан балаға берілу жағдайы 4 есеге азайды. Соңғы 10 жылда АИТВ-ға тестілеумен қамту 2,5 есеге өсті, әрбір алтыншы тұрғын өзінің АИТВ-дәрежесін біледі. Жыл сайын қала тұрғындарының 30 пайызы АИТВ-ға тесттен өтеді. Бұл үрдістер үкіметтің АИТВ-ның таралуын болдырмау жөніндегі іс-әрекетінің тиімділігін көрсетеді», - деді ол «АИТВ-ның бизнеске әсері жоқ» тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда АИТВ инфекциясының таралуы төмен, не бәрі 0,2 пайызды құрайды. Ал әлемдік орташа көрсеткіш 1,6 пайызға тең.
«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың АИТВ жұқтырмаған адамдармен құқықтары тең екендігін, оларды жұмыстан шығаруға, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ басқа да құқықтарын бұзуға жол берілмейтіндігін жұмыс берушілердің білгені дұрыс. АИТВ жұқтырған адамдар әріптестеріне қауіп төндірмейді. Себебі, АИТВ ауамен және тұрмыстық-қатынас жолдарымен берілмейді», - деді Сәбит Әбдірайымов.
Орталық бас дәрігерінің айтуынша, 2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «АИТВ-ның 15-49 жас аралығында таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан (0,2% көрсеткішімен) 1-ші орында тұрақтанып, АИТВ төмен таралған елдер тобына кірген.


Фото: s.ura.news

Соңғы жаңалықтар