Қазақстанда әкімдерді сайлау науқаны әрбір өңірде бір ай бойы өтеді - ОСК

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда әкімдерді сайлау науқаны әрбір өңірлерде бір ай бойы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында ведомствоның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

«Былтырғы жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы жарияланған Жолдауында мәслихат арқылы аудандық маңызы бар қала және ауыл әкімдерін сайлау туралы мәселені жүктеген болатын. Қоғамдық бақылауды және жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту мақсатында Президент Н. Назарбаев 2013 жылғы қыркүйектен кешіктірмей елімізде тиісті мәслихаттар арқылы аудандық маңызы бар қалалар, ауыл әкімдерін, ауылдық округтер құрамына енбейтін кенттер әкімдерін сайлау туралы шешім қабылданды», - дейді В. Жексембекова.

Оның айтуынша, осы мақсатта сайлауды өткізу тәртібі анықталып, Орталық сайлау комиссиясы арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен. Соған сәйкес, ауыл әкімдерінің сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге құрамында 1 мың 316 мүшесі бар 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тартылатын болады.

«Сайлау науқаны сайлау тағайындалғаннан бастап, оның қорытындылары анықталғанға дейін әрбір өңірде бір ай бойы өтеді», - деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар