Қазақстанда әкімшілерге банкроттық процедурасы барысында несие алуға мүмкіндік берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әкімшілерге банкроттық процедурасы барысында несие алуға мүмкіндік беру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының жетекшісі Айгүл Уәлиева мәлім етті.

Қазақстанда әкімшілерге банкроттық процедурасы барысында несие алуға мүмкіндік берілмек

«Мұнан ары заңнамалық тұрғыда әкімшілерге банкроттық процедурасы барысында несие алу және мұндай несиелерді өтеу барысында басымдық жасау, несие берушілерге әкімшілердің әрекетін/әрекетсіздігіне және сот шешімдеріне шағымдану құқығын беру жоспарлануда», - деді ол.

А.Уәлиеваның айтуынша, «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға көзделген және қабылданған барлық өзгертулер жұмыс істеп тұрған бизнесті сақтап қалуға, қарыздарды өндіріп алу деңгейін арттыруға және банкроттық процедурасы мерзімін қысқартуға бағытталған.

Сонымен қатар ол өз баяндамасында 2014 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат беру» индикаторы бойынша 19 тармаққа өз ұстанымын жақсартып, 63-шы орынды иеленгенін атап өтті.