17:52, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстанда ақпанда баспана бағасы өсе түсті
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ақпанда қаңтарға қарағанда көркейтілген және көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату 2,3, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 1,3, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,4 пайызға өскен.