Қазақстанда АҚШ-тың инвесторлары салықты даулап жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаеваның айтуынша, өткен жылы инвестициялық даулар бойынша 95 арыз-шағым түскен, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 31 арыз қаралып, 10 істің шешімі инвесторлардың пайдасына шығарылды. Олардың қатарында 2 ірі инвестор да бар.
"Біздегі инвестициялық даулардың басым бөлігін инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы даулар құрайды Осы істердің дені - салықтық даулар. Инвесторлар көп жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының ескерту қағаздарын даулап жатады. Ал инвесторлардың қай мемлекеттен келгеніне тоқталсақ, ол - АҚШ, Нидерланды, Қытай мен Канаданың инвесторлары. Олар мұнай-газ саласындағы барлау мен өндіру саласындағы салықты жиі даулайды", - дейді Қыдырбаева.
Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы сот өткен жылдың жұмысын қорытындылап, Қазақстан соттарында қаралған қылмыстық істердің саны да жариялады. Ондай істердің саны артып отыр. Дегенмен, бүгінде екі жақтың ымыраға келіп, қылмыс жасағандарды жиі босата бастады. Былтыр сотттарға түскен 16 529 қылмыстық іс тоқтатылып, 18 854 адам жазадан құтылды. "Олардың барлығы зардап шеккен жақпен ымыраға келіп, шығынды толығымен өтеді. Сөйтіп, ақтау үкімдерінің саны 19,2 пайызға артып отыр. Осының өзі сот төрелігін жүзеге асыру барысында адамды қамауға алу шараларының азайып келе жатқанын көрсетсе керек", - дейді Раxметуллин. Жемқорлар айыппұлдың басым бөлігін бюджетке төлеп үлгерді . Ал қарайым xалық тергеуші судьялардың қызметіне жиі жүгіне бастады.