Қазақстанда АҚТҚ ауруына шалдыққан жандар тиiстi ереженiң жоқтығынан бала сүйе алмайды
«Бiз АҚТҚ ауруына шалдыққан адамдарға қосалқы репродуктивтi технологияларды қолдану арқылы, оларды жасанды ұрықтандыруға мүмкiндiк беретiн арнайы реттеушi бұйрықты жасақтау үшiн Денсаулық сақтау министрлiгiне репродуктологтар мен эпидемиологтардан құралған топты құру жөнiнде ұсыныспен шықпақпыз», - дейдi С. Байқошқарова.
Оның айтуынша, аталмыш бұйрықсыз дәрiгерлер АҚТҚ-ға душар болған адамдарға денi сау баланы дүниеге әкелуге көмектесе алмайды. Ресейде бұндай регламент қазiрден бастап жұмыс iстей бастаған.
«Қазақстандық репродуктивтiк технологиялар АҚТҚ жұқтырған пациенттерге денi сау баланы дүниеге әкелуге көмектесе алады. Бiрақ бiздiң елде арнайы бұйрықтың жоқтығынан бiздiң қолымыз байлаулы. Сондықтан бiз оларды Ресейге жiберуге мәжбүрмiз», - дедi ол.