Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған адам саны 13 мың 463 - Денсаулық сақтау вице-министрі

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда 13 мың 463 адам АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстандағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша жағдай және оның алдын алу» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда бүгінгі күні АҚТҚ дертін жұқтырғандар саны 13 мың 463 адамды құраса, оның ішінде ЖҚТБ-мен (СПИД) ауыратындар саны 962 адамға жеткен. Сонымен бірге, ЖҚТБ-дан қайтыс болғандар саны 741 адамды құрап отыр.

«АҚТҚ жұқпасы республиканың барлық аймақтарында тіркелген. Бұл ретте науқастар саны Алматы қаласында, Павлодар мен Қарағанды облыстарында ең көп тіркеліп отыр.  Бұрынғысынша, дертті жұқтырғандардың үлес салмағының басым бөлігін, яғни  68,3 пайызын инъекциялық есірткіні пайдаланушылар құрайды. Дегенмен де, соңғы 8 жылда АҚТҚ жұқтырғандар арасында инъекциялық есірткіні пайдаланушылар саны біршама азайып, 2001-2009 жылдар аралығындағы көрсеткіш бойынша жыныстық жолмен ауру жұқтыратындар саны артып келеді. Бұл әсіресе әйел адамдар ортасында кеңінен таралуда», деді Тамара Вощенкова.

Соңғы жаңалықтар