Қазақстанда ақылы жолдарға абоненттік төлемдер енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақылы жолда қолма-қол төлем жасаудың орнына, алдын ала төлем жасау жүйесіне көшу керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «ҚазАвтожол» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов мәлім етті.
None
None

«Астана-Бурабай» ақылы автобанында біз биыл 1 млрд. 129 млн. теңге жинауды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы 1 млрд. 65 млн. теңге болған еді, яғни биыл біршама артықтау жиналады деп күтілуде. Ақылы жолдағы терминалдарда ақша қабылдайтын құрылғылар бойынша мәслелер болды. Кейбір жағдайда олардың жұмысында кемшіліктер орын алып жатады. Осы орайда төлем жасаудың түрлі әдістерін қарастырдық. Өйткені, жолда кезек жиналып қалатын кездер болады. Адамдар төлем жасап үлгермей жатады»,-деді ол.

Оның сөзінше, аталған ақша қабылдайтын құрылғылар француздық болғандықтан, оған бөлшектерді тапсырыс арқылы алдыру керек болады. Сондай-ақ бұл бөлшектерді алдырту қымбатқа түсуде.

Ұ. Әліпов бүгінде аталған жолда жүрудің ақысын алдын ала төлеу мүміндіктері бар екенін еске салып өтті. Әр сауда орындарындағы терминалдарға көліктердің мемлекеттік нөмірін енгізу арқылы төлемдерді жіберуге болады. Көлік жолдан жүрген кезде автомобиль иесінің шотынан ақша шешіліп отырады.

«Астанада және Бурабайда бірінші жолақ қолма-қол ақша төлемінсіз жүруге негізделген. Бұл жолақта еш тоқтаусыз өте беруге болады. Адамдар осы төлем жүйесіне үйренгеннен кейін бұндай жолақтардың санын арттырамыз»,-деді ол.

Сонымен қатар Ұ. Әліпов абоненттік төлемді енгізу бағдарламасы әзірленіп жатқандығын атап өтті. Жеңіл көліктер үшін жылдық, жартыжылдық және тоқсандық абоненттік төлемді жасау қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар