Қазақстанда алдағы күндері қалың қар жауып, боран соғады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 24–26 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

зима_снег
Фото: Руслан Мухамедьяров/Kazinform

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–8 градус аяз күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Батыста: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.

  • Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.

  • Орталықта: түнде ауа температурасының негізгі фоны −2…−10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

  • Шығыста: түнде ауа температурасының негізгі фоны −5…−10°С, облыстың таулы аудандарында −13…−18°С болады. Күндіз −5…+5°С аралығында күтіледі.

  • Оңтүстікте: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.

  • Оңтүстік-шығыста: күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда −1…−6°С күтіледі.

Бұдан бұрын алдағы үш күнде аяз батыстан басталып, оңтүстікке қарай жылжитынын жазған едік.