Қазақстанда алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауады
“Қазгидромет” РМҚ 2023 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, жақын күндері Қазақстанның барлық өңірінде қар мен жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстағы өңірлерде қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Тек оңтүстік-батыста, 1-2 желтоқсанда елдің оңтүстігінде күн ашық болады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел болжанады.
Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.
Еске салайық, синоптиктер желтоқса айында елімізде күн ерекше жылы болатынын мәлім еткен болатын.