Қазақстанда алдағы күндер жаңбырлы болады - синоптиктер
«Мамыр айындағы күн райы құбылмалы, 2 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерінде жел тұрған болса, алдағы үш тәулік ішінде антициклонның ықпалымен ауа температурасы +20...27 ºС дейін жылынады. Қазақстанға Поволжье аймағынан қайтадан суық атмосфералық ағын келеді. Оның батыстан шығысқа қарай жүріп отыруына байланысты, Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінен басқа барлық аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауып, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Астанада 4 мамыр күні ала бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 °С, күндіз +23+25°С. 5 мамыр күні: ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С. 6 мамыр күні: ала бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +17+19°С.
Алматыда 4 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С. 5 мамыр күні де ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +26+28°С.