17:14, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстанда алдағы тәуліктерде жауын- шашынды болмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда осы апта жауын-шашынды болмақ, шілденің аптап ыстығы бірнеше күнге «демін алады» деп болжанып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан аумағына арктикалық теңіздердің жағалауынан ылғалды, қоңыр салқын ауа келіп жетті. Сондықтан, көптеген облыстың кей жерлерінде жауын жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС градусқа дейін түсті.
Тек, еліміздің оңтүстік-шығысында ғана қалыптан тыс болды, дегенмен 40 градустық аптап ыстықтың беті қайтты деп болжайды синоптиктер.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына солтүстіктен келген ауа массасы орнайды, осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, кей жерлерде бұршақ түседі. Екпінді жел соғып, ауа температурасы қалыпты нормадан 3-5ºС дейін төмендейді», - делінген Қазгидромедтің сайтында.
Сондай-ақ Алматы да жаңбыр жауып, күн күркірейді, ал Астана бұршақ түсуі ықтимал .