Қазақстанда алдағы үш күн жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 20-22 қараша күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда алдағы үш күн жылы болады

«Атлант циклондарымен байланысты ауа ағындары Қазақстанның бүкіл аумағымен жылжиды. Осыған байланысты қар жаууы мүмкін, солтүстіктен күшті жел, боран соғады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына Каспийдің оңтүстігінен жылжып келе жатқан циклонға байланысты қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болып, күшті жел соғуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүкіл Қазақстан аумағында ауа температурасы көтеріліп, көпжылдық орташа мәнге жуық болады, ал солтүстік облыстарда климаттық нормадан жоғары болады.