Қазақстанда алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 30 мамыр мен 1 маусым аралығындағы ауа райы атмосфералық шептік бөліктерге байланысты болады. Олармен бірге күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

«30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусым Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында нөсер жауын жауады. Қызылорда мен Ұлытау облыстарында ғана жауын-шашын түспейді. Сондай-ақ елде жел ұйытқуы мүмкін, республиканың оңтүстік-батысы мен батыста шаңды дауыл тұрады.

Қазақстандағы күндіз болатын негізгі ауа райы мынадай: батыс пен солтүстік-батыста 28-36 градус жылы, оңтүстік-шығыс пен орталықта 25-35 градус жылы, оңтүстікте 32-37 ыстық, шығыста біртіндеп 20-28 градусқа дейін көтеріледі», - деп болжады синоптиктер.