10:46, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстанда алдағы үш күнде күн күрт жылынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауа райының күрт өзгеруі тропосферада Атлантикадан ауа массасының ендік ауысуына байланысты орын алуда. Таяу тәуліктерде Ресейдің Еуропалық аумағынан және Каспий оңтүстігінен антициклон ауысымына циклондар мен атмосфералық ағындар араласа бастайды. Бұл туралы 26-28 қарашаға ауа райы болжамы ретінде «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Ол Шығыс бағытқа араласып, республиканың барлық облыстарында жауын-шашындатып, қар жауып, көктайғақ болып, жел 15-25 м/с-қа жетеді.
28 қарашада Қазақстанның батысына кезекті антициклон келеді де жауын-шашын тоқтайды. 26-28 қарашада ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан 5-10º жоғары болады.