Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 2-4 маусым күндергі ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Атлант ауасының ызғары бар солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи отырып, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік өңірлерде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 4 маусымға қарай суық антициклонның жақындағанын оңтүстік өңірлер де сезеді. Күндіз термометрлер 18-23 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.


Соңғы жаңалықтар