Қазақстанда алдағы үш күнде жылы ауа райы күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Жазғы каникулдың соңғы күндері жауын-шашынсыз, жылы ауа райымен қуантады. 26-27 тамыз күндері ғана республиканың солтүстік, орталық, шығыс аудандарда ғана найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың басым бөлігіндегі температура 25-33ºС аралығында, оңтүстік пен батыста 33-38ºС болмақ, бұл әдеттегі климаттық нормадан жоғары», - делінген хабарламада.