Қазақстанда алдағы үш тәулікте боран соғып, қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы үш тәулікте боран соғып, қалың қар түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

Синоптиктердің хабарлауынша, 2016 жылдың соңғы күндеріндегі ауа райын оңтүстік циклоны айқындайды. Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады. Ауа температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ болады деп күтілуде.

 «Алайда 29 желтоқсанда антициклон ықпалымен солтүстік және шығыс облыстарда қысқа мерзімге күн суытады деп болжануда», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Соңғы жаңалықтар