Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

 «Қазақстанда алдағы үш тәулігіндегі ауа райы антициклонға тәуелді болады. Сондықтан синоптиктер көптеген облыстарда ауа-райы жауын-шашынсыз, суық болады деп болжап отыр. Сондай-ақ, түнде және таңертеңгілік уақыттарда тұман түседі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ауа температурасының төмендеуі Сібірден келген атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себепті температура жыл сайынғы орташа көрсеткіштен 2-6ºС-қа төмендейді.

Республиканың тек батыс аймағында температура қалыпты болады деп күтілуде.

Елордада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде температура -14-17 °С, күндіз -5-8°С. 16 наурыз күні түнде және таңертең тұман түседі.

Таяу күндері Алматыны да жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіп тұр. Түнде тұман болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +3+6°С-ты құрайды.

Соңғы жаңалықтар