Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің еуропалық бөлігінен ауысып отырған атмосфералық ағындар алдағы үш тәулікте республиканың бүкіл аумағында кей жерлерде найзағайлы жаңбырлар, екпінді желге себеп болуы мүмкін.

Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК-нің ақпаратынша, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіштерінің шамасында және кейбір жерлерде 1-2 градус төмен болатыны шамаланып отыр. Қалған аумағында ол нормадан 2-4 градус жоғары болады.