Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3-5 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш тәулікте антициклонның ықпалымен Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі», - делінген хабарламада.
5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 5...13 градус, оңтүстікте плюс 20...28 градусқа дейін көтеріледі.
4-5 сәуірде батыста жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел соғып, ауа температурасы төмендейді.