Қазақстанда әлеуметтік инспектор лауазымы енгізілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әлеуметтік инспектор лауазымы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.
«Литвада Әлеуметтік қадағалау департаменті жұмыс істейді. Осы тәжірибені ескере отырып, болашақта Қазақстанда әлеуметтік инспектор институтын құру туралы ұсыныс жасалды», - деді ол.
Онң сөзіне қарағанда, әлеуметтік инспектор лауазымы мемлекеттік еңбек инспекторына ұқсас болмақ. Жалпы, вице-министрдің айтуынша, «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік қызметтер барлық мемлекеттік органдар тарапынан көрсетіледі.
«Бұл бақылау шағын өз саласында ғана қамтылады. Әлеуметтік инспектор көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің құзыреттілігін, қамтылуын және тиімділігін толығымен қарауы тиіс», - деді С.Жақыпова.