Қазақстанда әлеуметтік маңыз бар тауар бағасы қаншалықты өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда әлеуметтік маңыз бар тауар бағасы қаншалықты өсті

ҚР Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, жыл басынан бері 11,4 пайызға қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары.

Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы мынадай: бір келі ұн - 193, нан – 171, күріш – 265, қарақұмық – 458, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, тауық еті – 1033, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.