16:53, 15 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрыла бастады - министр Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Құрметті достар, министрлік әлеуметтік роликтер базасын құру жұмысына кірісті. Аталған роликтер отандық телеарналарда, сондай-ақ шетелдік арналардың жарнама блоктары кезінде көрсетілетін болады", - деп атап көрсетті Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі қазақстандық теле- және радио арналарды күндізгі уақытта әлеуметтік роликтерді тегін көрсетуге міндеттеуді ұсынған болатын.