Қазақстанда алғаш рет 5G үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде тұңғыш рет 5G үшін ашық аукцион өтіп жатыр. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда алғаш рет 5G үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өтіп жатыр

«Бүгін - Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін тарихи күн. Біз алғаш рет мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізіп жатырмыз! Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік) сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд теңге қаржыға өтінім білдірді» деп жазды министр Telegram парақшасында.

Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады.

Бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсеке ортасын қалыптастырудың айқын мысалы.

Бұдан бөлек, сауда-саттық бюджетті толықтыруға ықпал етеді.