Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желідегі таланттар конкурсы өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық Халықтың сүйіктісі: «Talant show» байқауы әлеуметтік желідегі ең үздік талантты өнерпаздарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желідегі таланттар конкурсы өткізілді

Алғаш өткізілген Халықтың сүйіктісі: «Talant show» видеоонлайн конкурсы республикалық шеңберінде ұйымдастырылды.

«Talant show» өнерпаздар байқауының мақсаты - халық ішінде, әлеуметтік желіде белсенді, өнерпаз талант иелерін анықтап, оларға шығармашылық қолдау көрсету.

Байқауға кез келген адамның қатысу мүмкіндігі болды және жас ерекшелігінде шектеу болған жоқ. Басты шарты қатысушы өз өнерін видеоға түсіріп (ән айту, би билеу, фокус көрсету т.б.) оны әлеуметтік желіге жүктеу қажет.

Конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса жұмыс келіп түсті, соның ішінен 6 үздік жұмыс таңдалынып алынды. Үздік талант иелерін анықтау Facebook әлеуметтік желісінде онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.

«Бізде көптеген өнер фестивалі, байқаулар бар, бірақ олар кәсіби өнерпаздарға арналған. Ал қарапайым халыққа арналған шоу, байқау жоқтың қасы. Яғни бұл жерде арнайы білімі, жас ерекшелігі басқада талаптар жоқ. Ең бастысы өзіңде бар өнерді видеоға түсір де, әлеуметтік желіге жүкте, ал халық соның ішінен өзіне ұнаған өнерпазға дауыс беріп үздік талант иесін анықтайды. Бұл халықтың мәдиениеті мен өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Және халық арасында жүрген өнерлі таланттарды табуға бірден бір мүмкіндік»,- деді Халықтың сүйіктісі: «Talant show» конкурсы идеясының авторы Ғалым Байтук.

Халықтың сүйіктісі: «Talant show» конкурсының жеңімпаздары:

1 орын Айбек Жағыпар, Қызылорда қаласы;

2 орын Аружан Қайыржанова, Астана қаласы;

2 орын Райан Қадырбеков, Астана қаласы;

3 орын Маржан Қуанышбекова, Маңғыстау облысы, Бейнеу адуаны;

3 орын Рауан Қайдаров, Павлодар қаласы;

3 орын Айжан Шахаева, Қостанай облысы, Рудный қаласы.

Конкурс жеңімпаздары үшін арнайы марапаттау сәті ұйымдастырылып қаржылай сыйақы мен естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, аталған конкурсты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры ұйымдастырды және байқауды жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыру мақсаты көзделіп отыр. 

null null null