19 сәуір күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар

іс-шара
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 сәуір күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

11:00-де Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары басталады.

11:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам жұмыс беруші мен студенттер қатысады.

12:00-де «Қазгидромет» РМК өрт қаупі болжамы бойынша брифинг өткізеді.

12:30-да «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі баспасөз конференциясын өткізеді.

15:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар