Қазақстанда алғаш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда өткен Халықаралық хоккей федерациясының конгресі барысында 2019 жылы әлем чемпионатын өткізетін елдер таңдауға түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Хоккейден әлемдік доданы өткізуге Қазақстан мен Словения елдері өтінім білдірген болатын. Дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан жеңіске жетті.
Осылайша, 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырына дейін Әлем чемпионатының бірінші дивизион ойындары Астанадағы «Барыс-Арена» мұз айдынында өтеді.
Турнирге Қазақстан, Словения, Венгрия, Беларусь, Оңтүстік Корея және Литва құрамалары қатысады.