Қазақстанда алғаш рет инклюзивті футбол клубы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол командасының Т.Сегізбаев атындағы футбол академиясында  «Аңсау» атты Қазақстанда алғашқы инклюзивті балалар футбол клубының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет инклюзивті футбол клубы ашылды

«Мейірім» еріктілер қоғамы» қоғамдық қоры мен «Қайрат» ФК-нің «Аутизмді жеңуге болады» атты әлеуметтік жобасы аутизм дертіне шалдыққан балаларды спортқа баулуға мүмкіндік береді.

«Мұндай тәжірибе - бірегей, себебі аутист балалар бір-бірімен әрекеттесе алмайды. Жаттықтыру процесінің бүгінгі мысалы бұл жағдайды өзгертуге болатынын көрсетіп отыр», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Аутизмді жеңуге болады» жобасы өз жұмысын 2013 жылы Алматы қаласындағы аутист балалардың ата-аналары қауымдастығында бастаған. Жоба балалары аутистік спектр ауытқуына душар болған қазақстандық отбасыларға көмектесуге бағытталған.