Қазақстанда алғаш рет қанша күн тұрса да бұзылмайтын жұмыртқа шығарылады
АСТАНА. KAZINFORM — Құны 12,5 млрд теңге болатын ірі жобаны Ақмола облысында «CAPITAL projects LTD» ЖШС іске асырып жатыр.
Кәсіпорын «Шаңырақ» компаниялар тобына кіреді, онда тауық еті мен жұмыртқа өндірісінің толық циклі іске асырылады.
Зауыт жаңа шығарылған тауық жұмыртқаларымен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзағырақ, аспаздық және сапалық сипаттамалары жақсырақ қауіпсіз пастерленген сұйық және құрғақ жұмыртқа өндіруге маманданады.
Кәсіпорынның қуаты- тәулігіне 1 млн жұмыртқа.
Жобаны іске асыру үшін компания жұмыртқа өнімдерін өндіруде әлемдік көшбасшы — Thornico (Sanovo) компаниясымен келісімге қол қойды.
Бұдан басқа, жобаны қаржыландыруға мемлекеттік қолдау шаралары пайдаланылады.
Жұмыртқа өндірісінен басқа, зауыт құрама жем өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысады.
Қазіргі уақытта майлы дақылдарды қайта өңдеу желісінің құрылысы жүргізілуде, бұл жемшөп өндірісін 25% арзандатуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда іске асыруға жоспарланған 335 жобаның 66,5 млрд теңге сомасына 82 жоба іске қосылды.
Жаңа жұмыртқа зауытының құрылысы елдің агроөнеркәсіптік секторын дамытуға елеулі үлес болады.